Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Толығырақ

Құлсары қаласындағы №7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 2026 жылдың 14 тамызы күні мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында мектеп директоры Бейсова Майра Исламгалиевна мектептің «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышының жауапты мамандарымен бірлесіп білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қызмет көрсету мерзімдері […]

Толығырақ

🌟 «МЕКТЕПКЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ» Бүгінгі болашақ 1-сынып оқушылары үшін ерекше әрі қызықты күн болды. «Мектепке сенімді қадам» атты бейімдеу іс-шарасы барысында бүлдіршіндер мектеп өмірімен жақынырақ танысып, білім ордасына алғашқы қадамдарын сеніммен бастады. Балалар мектепке экскурсия жасап, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен мектеп директоры Бейсова Майра Исламғалиқызы болашақ 1-сынып оқушыларын жылы жүзбен қарсы алып, олармен әңгімелесті. […]

Толығырақ

🧩 «Жануарды құрастыр» ойыны Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын, логикалық ойлауын, зейінін және топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту. Қажетті құралдар: Үй, жабайы және теңіз жануарлары бейнеленген пазлдар; Әр топқа арналған конверттер; Дайын жануарлардың суреттері. Ойын барысы: Оқушыларды шағын топтарға бөлу. Әр топқа араласқан пазл бөліктері салынған конверт беру. Балалар бөліктерді біріктіріп, жануарды құрастырады. Құрастырған жануардың атауын […]

Толығырақ

МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ Мектеп формасының түсі: қара (черный)   Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде. Ұлдарға арналған шалбарлар кең тігілген және ұзындығы тобықты жауып тұруы керек. Аяқ киім классикалық үлгіде болуы міндетті.   Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет,ақ жейде, юбка (ұзындығы тізеден 6 см төмен болуы тиіс). Аяқ киім яғни классикалық үлгідегі туфли […]

Толығырақ

№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 25 қыркүйек күні ата-аналарға арналған “Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі” тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыстың мақсаты- балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алдын алу, бақылау. Тақырыпқа байланысты ата-аналар өздерінің ойларын ортаға салып, тақырыптың маңыздылығын атап өтті.

Толығырақ