Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Хабарландыру
1. «Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің» №7 Е.Халықов атындағы  жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға мына пәндер бойынша педагог қызметкерлерді тағайындау үшін конкурс жариялайды:
1.Математика пәні мұғалімі- 3,0 штат бірлігі (тұрақты)
2. Орыс тілі пәні мұғалімі — 2,0 штат бірлігі ( тұрақты)
3. Ағылшын тілі пәні мұғалімі — 2,0 штат бірлігі (уақытша)
4. Алғашқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы-оқытушы 1,0 штат бірлігі (тұрақты)
5. ⁠Музыка жетекшісі — 1,0 штат бірлігі (тұрақты)
6. ⁠Дене шынықтыру бойынша нұсқаушы — 1,0 штат (тұрақты)
7. ⁠Логопед — 1,0 штат бірлігі (тұрақты)
8. ⁠Химия кабинеті зертханашысы — 1,0 штат бірлігі (тұрақты)
9. ⁠Аула сыпырушы — 1,0 штат бірлігі (тұрақты)
10. ⁠Электромонтер — 1,0 штат бірлігі (тұрақты)
11. ⁠Қызметтік жайларды жинаушы — 4 штат бірлігі (тұрақты)
12. ⁠Педагог-дефектолог — 1,0 штат бірлігі (уақытша)
2.Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес.
3. Лауазымдық жалақы мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына  сәйкес белгіленеді .
Конкурс құжаттары төмендегі тізім бойынша 2025 жылдың 11.08-19.08 аралығында қабылданады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы                    21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы»  № 57 бұйрығы негізінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
😎 Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Көрсетілген міндетті құжаттардың  біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа www.enbek.kz веб-сайтында тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген мұғалімдер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, конкурсқа барлық қажетті құжаттарды тапсырған мұғалімдер қатысады. Үміткерлер конкурсқа қатысу шығыстарын өз қаражат есебінен жүргізеді.
Құжаттар №7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесінде қабылданады.  Байланыс телефондары:
8(71237)4-54-93
Мектептің электронды почтасы:  mektep_7-e.xalykov@mail.ru

Мекен-жайымыз:Құлсары қаласы, Қ.Күржіманұлы 53, «№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Үміткерлерден құжа қабылдау 2025 жылдың 11 тамыздан — 19 тамызды қоса алғандағы аралықта жүргізіледі.