Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Құлсары қаласындағы №7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 2026 жылдың 14 тамызы күні мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында мектеп директоры Бейсова Майра Исламгалиевна мектептің «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышының жауапты мамандарымен бірлесіп білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қызмет көрсету мерзімдері және өтініш беру жолдары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар ата-аналарға білім беру саласына қатысты әр түрлі мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндіктері түсіндіріліп, туындаған сұрақтарға жауаптар берілді. Мақсаты: мемлекеттік қызметтерді алу барысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қызмет көрсету сапасын жетілдіру.