Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ

  1. Мектеп формасының түсі: қара (черный)

 

  1. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде. Ұлдарға арналған шалбарлар кең тігілген және ұзындығы тобықты жауып тұруы керек. Аяқ киім классикалық үлгіде болуы міндетті.

 

  1. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет,ақ жейде, юбка (ұзындығы тізеден 6 см төмен болуы тиіс). Аяқ киім яғни классикалық үлгідегі туфли (өкшесінің ұзындығы 2-3 см аспауы тиіс).

‼️‼️‼️‼️Мектеп оқушысына тән қосымша белгілер:

 

❗Ер балалар: мектеп формасын қатаң сақтауы тиіс, шаштары қысқа үлгіде алынған болуы керек.

 

❗Қыз балалар: мектеп формасын қатаң сақтауы, шаштары екі жаққа өрілген, ақ бантик, тырнақтары алынған, ешқандай косметикалық бояу қолданбауы тиіс.Тырнақ,кірпік,шаш табиғи түрде болуы,басқа түске боялмауы және жасанды жолмен ұзартылмауы қатаң талап етіледі.